Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қоғамдық қабылдауы болып өтті
Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қоғамдық қабылдауы болып өтті. Облыс тұрғындарының бірқатар мәселелері көтерілген бұл қабылдауға Тұзкөл ауылындағы Т.Мұсақұлов атындағы орта мектептің директоры Исаев Жандос Тұрдақынұлы онлайн сұрақ жолдады.
Қарасаз ауылдық округіне қарасты Тұзкөл ауылында 443 тұрғын бар. Оның 150 - ге жуығы мектеп жасындағы оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар. Осы орайда білім ордасы 1989 жылы қолданысқа берілгелі бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмегенінен хабардар етіп, Жандос Тұрдақынұлы Амандық Ғаббасұлынан аталған мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс білдірді. Өз кезегінде Амандық Ғаббасұлы облыстық бюджеттен 571,4 млн теңге бөлініп, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарының басталатынын айтып өтті.
