ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Алматы қаласындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінде болған су құбырының жарылуына байланысты

Алматы қаласындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінде болған су құбырының жарылуына байланысты жағдайды анықтау үшін, 10 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы аталған тұрғын үй кешенінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде тапсырыс беруші қалалық әкімдіктің және мердігер «Базис-А» құрылыс компаниясының өкілдері болды. Ыстық судың құбыры жарылуына атмосфералық қысымының шектен тыс көбеюі себебші болғаны анықталды. Қазіргі уақытта мердігер компания бүкіл жөндеу жұмыстарының шығындарын толықтай мойынына алып, жөндеу жұмыстарын 13-ақпанға дейін аяқтаймыз деп отыр. Болашақта осындай жағдай қайталанбауы үшін, мердігер компания өз қаржы есебінен ыстық судың атмосфералық қысымын реттейтін құрылғыны ақпан айының 20-на дейін орнатуға уәде берді.