Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында кеңсе меңгерушісінің м.а. Б.Оразынбетов семинар өткізді.

2020 жылы 28 қазан күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында кеңсе меңгерушісінің м.а. Б.Оразынбетов «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндетті» атты семинар өткізді.

Семинар барысында Б.Оразынбетов сот мамандарына: «Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады», - деп жеткізді.

Сонымен қатар Б.Оразынбетов, Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті. Жастар, сендердің жалпы күрделі мәселелерді шешуге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жеңуге де қажет білімдерің жетерлік. Қағида бойынша азаматтар жемқорлықтың бас құрбанына айналады. Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті.

Семинар соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әдістері талқыланды.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

Осы тақырып бойынша