Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденеиетті қалыптастыру

 

2017 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Білім басқармасы бірлесе отырып, Оқушылар сарайында «Адалдықтың, әділдіктің, қарапайымдылықтың және сатылмаушылықтың қағидаларын көрсететін қалалық сурет байқауының» жүлдегерлерін марапаттау мен байқаудың үздік суреттерінің көрмесі өткізілді.

Жиынға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері және оқушылары мен ата-аналары (300 адам) қатысты.

Сурет байқауының салтанатты марапаттау рәсімін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Геннадий Гожахметович Данияров алғы сөзбен ашып, оқушылардың рухани адамгершік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексіндегі оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, саяси-құқықтық білімін, адамгершілік-этикалық құндылықтарын  қалыптастыру мен жемқорлық әрекетіне мүлдем төзбеушілік танытуды сурет  арқылы жеткізу бүгінгі күннің басты талабы деп атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы адамгершілік қағидаттары кез-келген оқушылардың бойынан көрініс табатындығын және сыбайлас жемқорлықсыз болашақта өркениетті ел болуымызға өскелең ұрпақтың алатын орны ерекше екендігіне тоқталды.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Әуесқанқызы Жылқыбаева мен техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі Марат Қапашұлы Шуақов бүгінгі байқау оқушылардың адалдық, әділеттілік тақырыптарыындағы шығармашылық еңбектері олардың алға қойған мақсаттарға қол жеткізуіне жол ашады деп мәлімдеді.

Департамент басшысының орынбасары Г. Данияров пен Білім басқармасы басшысының орынбасары Л. Жылқыбаева сурет байқауының жеңімпаздарын мақтау грамоталарымен марапаттады.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Оқушылар сарайының үлкен көрме залында байқаудың үздік шығармаларының көрмесі ашылды.

Жиынға «Алматы» телеарнасы мен «Алматы ақшамы»  және «Вечерний Алматы» газеттерінің тілшілері қатысты.

             

Формиорование антикоррупционной культуры среди школьников г.Алматы

22 мая 2017 г. Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы   ( далее по тексту - Департамент) совместно  с Управленеием образования г. Алматы во дворце школьников проведена выставка с награждением учащихся за лучшие работы городского конкурса рисунков, отражающие принципы честности, справедливости, скромности  и неподкупности.

В сборе принимали участие учителя общеобразовательных школ, ученики и родители ( 300 человек).

Выступая со вступительной речью на церемонии торжественного награждения заместитель Департамента Данияров Геннадий отметил, что картины, отражающие непримиримость к коррупционным действиям очень важна  для воспитания у учащихся гражданско-патриотического духа, формирования у учеников  противокоррупционной культуры, политическо - правовых знаний, человечно-этических ценностей, которые являются главным требованием сегодняшнего дня. Также он подчеркнул, что гуманные качества национальной идеи «Мангилик ел», могут воплотиться в каждом ученике и, что, подрастающее поколение занимает особое место в становлении безкоррупционной, развитой страны.

Заместитель руководителя Управления образования г. Алматы Ляззат Ауесханкызы Жылкыбаева и профессор, доктор технических наук, академик академии международной  творческой академии Марат Капашулы Шуаков говорили о том, что сегодняшняя выставка с творческими трудами учащихся на тему честности и справедливости, открывает путь к достижению  поставленных перед собой целей.

Заместитель руководителя  департаментом  Г. Данияров и заместитель руководителя  Управления образования Л. Жылкыбаева наградили похвальными грамотами победителей конкурса рисунков.

После церемонии торжественного награждения  в большом выставочном зале Дворца школьников открылась выставка лучших произведений конкурса рисунков.

На мероприятии участвовали корреспонденты телеканала «Алматы» и газет «Алматы акшамы» , «Вечерний Алматы».

     
0
0
1055

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласы оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденеиетті қалыптастыру - Yvision.kz