Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыға кіреберісте жаңарған экопостар жұмыс істей бастайды

«Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында уыттылық пен түтіндікті өлшеу үшін қалаға кіре берісте 19 экопост орнату жоспарлануда. ⠀ «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев @sagintayev.b жұмыс сапары барысында Құлжа тас жолындағы газ талдағыш пен түтін өлшегішпен жабдықталған бекеттің дайындығын тексерді. ⠀ ««Жұмыс сапарымен Құлжа тас жолында орнатылған жаңа экологиялық бекетке бардым. Мұнда көп компонентті газ талдағыштың көмегімен бензин және газбен жүретін көліктен шығатын улы газдың құрамындағы көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді, азот оксиді, оттегі тексеріледі. Дизельді отынмен жүретін көліктердегі газдың түтіні де тексеріледі», - деп атап өтті Б.Сағынтаев. ⠀ Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылы Алатау ауданында 7 экологиялық бекет, Жетісу ауданында 3 экологиялық бекет орнату жоспарланған. ⠀ Алғашқы екеуі Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінде жақын күндері іске қосылады. Тестілік режимде тексеру кезінде уыттылық нормасынан асатын шамамен 5 мың жеңіл және 1 мыңнан астам жүк автомобильдері анықталды. @meirzhan_otynshiyev @nur_otan_almaty ⠀ #NurOtan #Almaty

0
0
127

Осы тақырып бойынша

Алматыға кіреберісте жаңарған экопостар жұмыс істей бастайды - Yvision.kz