Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

«Áleýmettik adaldyq alańy» жобалық кеңсесі

Бүгін "Адалдық алаңы" - "Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер" жалпыреспубликалық жобасы аясында құрылған "Áleýmettik adaldyq alańy" жобалық кеңсесінің тұсаукесері өтті.

Бұл әлеуметтік бағыттағы мәселелерді жедел шешу үшін халықпен тікелей диалог жүргізуге арналған ашық алаң. "Áleýmettik adaldyq alańy" жобалық кеңсесі келесі мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұрады: Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Қостанай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы.

Жобалық кеңсенің міндеттері-мемлекеттік органдардың парасаттылық құндылықтарын ілгерілету және халықтың мәселелерін жедел шешу. Бұл жобаның миссиясы: әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, жүгінген азамат мәселесін жедел шешу, азаматтардың ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және жалпы әлеуметтік қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру.

Жобалық кеңсе Департамент және Басқарма орналасқан ғимараттың 1 қабатында орналасқан (Қостанай қ., Қасымқанов к-сі,34).

Сұрақтар бойынша Қостанай қ., Қасымқанов к-сі, 34, тел. 50-13-90 хабарласуға болады.

***

Сегодня состоялась презентация проектного офиса «Áleýmettik adaldyq alańy», который создан в рамках общереспубликанского проекта «Адалдық алаңы»- «Регионы- свободные от коррупции».

Эта открытая площадка для прямого диалога с населением для оперативного решения вопросов социальной направленности. Проектный офис «Áleýmettik adaldyq alańy», состоит из представителей следующих государственных органов: Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области, Управления координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области, Отдела занятости и социальных программ акимата города Костаная и Центра занятости населения города Костаная.

Задачи проектного офиса- продвижение ценностей добропорядочности государственных органов и оперативное решение вопросов населения. Миссия данного проекта: искоренение коррупции в сфере социальной защиты и создание комфортных условий для граждан, оперативное решение вопроса обратившегося гражданина, повышение уровня доверия граждан к Министерству труда и социальной защиты населения РК и органам социальной защиты в целом.

Проектный офис располагается на 1 этаже здания, где расположен Департамент и Управление (г. Костанай, ул.Касымканова,34).

По интересующим вопросам Вы можете обращаться по адресу г. Костанай, ул. Касымканова, 34, тел. 50-13-90.

0
0
188

Осы тақырып бойынша