Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Алдына келген адам құр қол кетпеген..."

Шетпедегі кездесулерімізді сауда саласының ардагері, бір әулеттің ардақты әжесі Жаңбыршина Тілектес апамыздың шаңырағында жалғастырдық. Бетімнен сүйіп қарсы алды. Кезінде Аудандық тұтынушылар одағында (Райпотребсоюз) басшылық қызмет жасаған апамыз әлі тың.

Менің азамат болып қалыптасуыма ат салысқан екі адам болса, соның бірі - Тілектес апамыз. Студент кезімізде қаржылайда, киіммен де көмектесіп тұратын. Жалғыз менің емес әулеттің, тіпті елдің қамын ойлап жүретін. Ел арасында апамыздың беделі өте жоғары болды. Өйткені көп жылдары халықтың, әсіресе малшылардың тұтынатын азық-түлік пен тауарларын мүлтіксіз жеткізіп тұруды шебер ұйымдастыратын басшылардың бірі еді. Ағайын арасында да, қызметте де талапшыл және қай шаруаны да қатал тәртіппен басқаратын! Бәріміз ол кісіден қорқатынбыз. Сол кезде ағайын-тумалас ол кісіні сыртынан "Шеф" дейтін. Бірақ қолы ашық, адамға болсын дейтін кісі. Қызмет жасап жүрген кезінде апамыз туралы "алдына келген адам құр қол кетпеген" деген әңгіме қалған.

Менің сайлауға түсіп жатқанымды естімепті, саясатты әбден қойған болып тұр ғой)). Қуанып қалды, немересін шақырып алып: "Бүкіл ағайынға хабар айтың,Nur Otanпартиясына дауыс берсін, Еділ үшін!" деп тапсырма берді. Сосын өз басынан өткен бір әңгімені айтып берді. 80-ші жылдардың аяғында КСРО Жоғары Кеңесіне депутат сайланатын болған. Соған Маңғыстаудан ПГМК басшысы Кузнецов пен мұнайшы ағамыз (иманды болсын) Нұрлыхан Бекбосынов түскен екен. Апамызға Кузнецовтың сенімді өкілі Жамалбек ағамыз бастаған топ келеді. Шай үстінде сенімді өкіл апама қолқа салады "Тілектес, ел айтқаныңды тыңдайды, халықты Кузнецовқа дауыс беруге үгіттесең" дейді. Сонда апамыз айтыпты "Сенің Кузнецовыңа Маңғыстау дауыс бермейді, ол ертең сайланып алғасын Мәскеуіне көшіп кетеді, бір шыбық болса да елі үшін егетін, аулымыздың азаматы Нұрлыханға дауыс береміз" деген екен. Сайлау қортындысы бойынша Н. Бекбосынов жеңіске жеткен еді.

"Сен де Парламентке барып жатсаң, еліңе қызмет жасайсың ғой" деді.

Әулетіміздің тарихынан да біраз әңгімелер айтып,апам ақ батасын беріп, шығарып салды.

Қыз тілекші деген, апамның дұғасын қабыл қылғай!

Тілектес апамның денсаулығы мықты болсын, әулетінде тек жақсылық болғай!

#NurOtan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Nur Otan Shetpe

#edilzhangbyrshin

0
0
196

Осы тақырып бойынша