Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алдағы 2021 жылғы 10 қаңтарда да сайлаудың әділ өтетініне мен кәміл сенімім мол.

Биылғы жылдың сайлаудың ерекшелігі барлық кандидаттарымыздың елдің алдында есеп беріп, әрқайсысы праймеризде өздерін қолдап шыққаны, бұл бір жаңашылдықтың мәселесі деп ойлаймын. Біз әрқашанда олардың еңбектеріне жеміс тілейміз.Биылғы праймеризге қатысқан жас жігіттер мен қыздарға, жас мамандарға менің айтар тілегім алдағы сайлаудан жақсы өтуіне тілектеспін. Енді біз арқашанда тұрақты жұмыс істеп келе жатқан "Nur Otan" партиясына біз әрқашанда сенеміз. Партияның саясаты, жасап жатқан тірліктері өте дұрыс деп ойлаймын. Қазір Қазақстанда сондай тұрақтылықты, ынтымақтылықты , бірлікті қажет ететін жағдай болып тұр. Өйткені біз өз тәуелсіздігімізге 2021 жылы 30 жыл толуын толайын деп отырмыз. Сол тәуелсіздік күнімізге де аман – есен жетсек, елдің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтап қалсақ қазағымыздың бірлігі мықты болып тұрса, біздің шығар шыңымыз әлі алда болар деп ойлаймын. Қазіргі де жағдайымыз жаман емес, мысалға, Бәйдібек ауданымызда да көптеген тірліктер жасалып жатыр осының барлығы да егемендігіміздің арқасында деп ойлаймын. Қаншама құрылыстар, қаншама жолдар салынып жатыр сондықтан осының барлығы қазіргі еліміздің саясатының тұрақты, белсенді екеніне мен кәміл сенемін.

Алдағы 2021 жылғы 10 қаңтарда да сайлаудың әділ өтетініне мен кәміл сенімім мол.

Жазылбек ӘБІЛДАБЕК

«Бәйдібек-несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің төрағасы

0
0
158

Осы тақырып бойынша

Алдағы 2021 жылғы 10 қаңтарда да сайлаудың әділ өтетініне мен кәміл сенімім мол. - Yvision.kz