Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алаяқтан ақындыққа бет бұрды — перевод моего предыдущего материала для казахоязычной аудитории

Біздің бұл шағын мақалада айтпағымыз, Щучинск курортты қаласының тұрғыны, Мұқтай Қуанышбек Адамұлы жайында болмақ, жастық шағында бұрынғы Щучье ауданының, ішкі істер органдарында, кеңестік милиция жүйесінде қызмет жасап мансап құрды.
Қазіргі таңда Қ.А.Мұқтай қарапайым қадірлі азамат, еңбек демалысындағы зейнеткер, бос уақытында қазақ халқының танымал тұлғалары жайында материалдар жазып, сондай-ақ еліміздегі кемшін түсіп жатқан жайттарға да көңіл бөліп, түрлі басылымдар беттерінде оларды жариялап жүреді.
Бірақ біздер және қоғам түсінбейтін бір жайт бар... Қуаныш ағаны кімдер көтермелеп әулие тұтады, іс жүзінде ол қандай адам өзі?
Бастамас бұрын қызмет сатысындағы «мансапты», Қуаныш ағай курорттық өңірдің учаскелік инспектор, лауазымында болғанын атап өтуіміз керек. Өзімен бірге қызмет жасаған әріптестерінің сөзінен келтірер болсақ, Қуаныш ағаның ішімдікке салқын суға деген құштарлығы басымдау болды. Бірақ қызмет сатысында ол да бөгет бола алмады, жұмысын ауыстырып тергеуші қызметіне ауысты. Өкінішке орай сырт көзге қарағанда лауазымды қызметте де ішімдікке деген құмарлығы басылмады...күн санап арақ ішіп маскүнемдікке жол беріп, салынып ішуді әдетке айналдырды, соңында басшылардың да шыдамы мен сенімі таусылып, қадірлі ақын ағаны қызметінен босатып жіберуге тура келді.
Бірақ біздің ақынның кәсіпкерлік қызметке деген қабілеті мен икемі басымдау болып шықты. Қол қусырып қарап отырған жоқ, біздің кең байтақ Отанымыздың батыс өңірінде тұратын таныстары мен туысқандары бар, солар арқылы жанармай тасымалдаумен айналысып, Щучье ауданында оны сатып саудаға айналдыру жолдарын ұйымдастырды. Бас кезінде айы оңынан туып, жағдай жаман болмады ісі тұрақтанды...соңынан Қуаныш аға ақшаға әбден құнығып алған соң, жанармайды өзінің серіктестерінен кейінге қаратып, соңынан есеп айырысамын деп қарызға ала бастады.Бірақ серіктестерінің де шыдамдары таусылып, олар ақынды жан- жақтан қысымға алып, қарыздарын қайтарып беруді талап етті.
Қуаныш аға амалын тауып өзінің бұрынғы әріптестері, достары, таныстары, достарының тамырлары тағы басқа адамдардан көп мөлшерде қарызға ақша сұрап алуға, ақын ұялып қысылған жоқ.
Батыс өңіріндегі әріптестерінен есеп айырысып Қуаныш ағамыз тақырға молынан отырды. .. бұндай тығырықтан оңай шығу мақсатында, енді жолдастар мен достарына қарыздарын қайтарып беру уақыты жеткен кезде, ақын аға ағылшын әдісімен сыр білдірмей өз ауданын тастап, өзінің қара басын арашалау мақсатында, достар мен қарыз берушілер таба алмас деген ниетпен, оңтүстік астана Алматы қаласынан бір-ақ шықты.
Жылдар болса зымырап зулап өтіп жатыр...қарыздар ақыры иелеріне қайтарылған жоқ, көптеген қарызданған адамдары бұл өмірден де қош айтысты, көзі тірі қалғандары болса құрметті ақынды көргілері де келмейді.
Бұл кезеңде Қуаныш аға проза, мақала, эссе, мемуар жазуда өзінің шеберлігін оңтүстік өңірдегі қайраткерлерден әбден үйреніп, шабытын шыңдай бастады. Журналистика саласына және жазуға бірыңғай бет бұрды.
Өзінің ауданына қайрадан келіп, араласқан адамдарды естеріне де алмай, жерлестері дұрыс танымаса да, өзінің шеберлігін әлеуметтік желілерде жариялап, қазіргі үкіметке түрлі желеумен жала жауып, беделін төмендетіп, ұрлық- қарлыққа жол берілді деп жалған ақпарат таратып жүр.
Өзінің жариялаған жыр шумақ дастандарында, адам баласы өзінің ар- ожданын жас кезінде берік ұстану керектігін жазады, ол өзінің жастық кезеңін есіне түсіргісі келмейді, сол заманның адамдарын ойлап есіне де алмайды, себебі адамдардың көздеріне тура қарай алатын бет жоқ...

0
0
813

Осы тақырып бойынша

Алаяқтан ақындыққа бет бұрды — перевод моего предыдущего материала для казахоязычной аудитории - Yvision.kz