Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін, 26.12.20ж Зерделі ықшамауданында орналасқан жеке меншік пәтерлер кооперативінің ұйымдастыруымен тұрғындармен кездесу өтті. Бұл кездесуде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат А.А.Сарым сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткерлер Г.М.Бекенова, Г.А.Бақбергенова, С.Есматов, Қ. Қ.Сарсенбай сайлауалды бағдарламасымен таныстырып тұрғындардың сұрактарына жауап берді. Зерделі ықшамауданда шешімі табылмаған мәселелер айтылды.


