Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін аудандық филиалда ауданымыздағы Нұркент ықшамауданында орналасқан жеке меншік пәтерлер кооперативі өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Бұл кездесуде Қазакстан Ремпубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Құспан Айгүл Сайфоллақызы және Әшімжан Жанарбек Садықанұлы, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткерлер Сәрсенбай Қали Қошқарұлы, Бекенова Гүлжан Мырзалықызы, Тилешов Талғат Шаймерденұлы, сонымен қатар «Nur Otan» партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі, Алматы қаласы бойынша өкілі Диана Ерланқызы . партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Кездесуде тұрғындар тарапынан өздерінің әл-ауқат жағдайларына, яғни тұрғын үй мәселесіне қатысты тұрақты тіркеу қажеттігі проблемасы, медициналық сақтандыру және вакцина егу шараларын жүргізудегі қауіпсіздіктің болуы т.б. өзекті сұрақтар қойылды.


