Алатау ауданы Байбесік ы/а тұрғындары өтініші бойынша,
Алатау ауданы Байбесік ы/а тұрғындары өтініші бойынша, Мәслихаттың Көлік және коммуналдық инфрақұрылым комиссиясы депутаттары тұрғындармен кездесу өткіздік. Кездесуге депутаттардың шақыруымен қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы бөлім басшысы Ермек мырза және Алматы Су өкілдері қатысты. Өзекті мәселелер ретінде кәріз жүйесі, жаңа ауыз су құбыры, көшені жарықтандыру, балалар алаңы сияқты сұрақтар көтерілді. Жаңадан тарылған ауыз су жүйесін Мамыр айының соңына дейін қосуға ал кәріз жүйесі туралы Басқарма басшысы 1 апта ішінде барлық сұрақтарға тиянақты нақты жауап және шешілу мерзімін айтамыз деп кетті. Келесі Сенбі күні қайталау кездесу болатын болды. Балалар және ересектерге спорт алаңын жас кәсіпкерлер атынан @asilbek.sultankhan, әкімдіктен жер берілсе демеушілікпен өздері саламыз деп жоба ұсынды! Кездесуді ұйымдастырған @aizharykbokenay79 @narimandaut жанұясына алғыс айтамыз! Осындай көшпелі кездесулерді комиссиямыз тұрақты әр ауданда өткізіп тұратын боламыз. ______ @maslihat_almaty @esen_talbidin @grachev__mikhail @bopeshkin
