Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық сайлауалды штаб мүшелері "КЖСА" МКК еңбек ұжымымен кездесті.

және Бердіқода Боранбаевтың сенімді өкілі Еркін Қайдаров қызметкерлерді Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасымен толығырақ таныстырып, ондағы басты бағыттарға тоқталып өтті.Кездесуде ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткерOspan KazakhbayevСенімді Өкілі Әженов Мұрат, қалалық депутаттыққа үміткерлерЕрген Сыражан

2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасы аясында өңірде бірқатар жобаларды қолға алуды жоспарланған. Соның ішінде, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда. Ол үшін, партия алдағы 5 жылда 25 ауылда 620 шақырым болатын су құбырын, Кендірліден Жаңаөзен қаласына дейін сутаратқыштары бар су тұщыту зауытын, Форт- Шевченко қаласында теңіз суын тұщыту станциясын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қалалардағы 149,4 шақырым болатын жылу желілерін ауыстыру қарастырылған. "Бастысы, әлемдік пандемия жағдайында жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыру,"- деп атап өтті үміткерлер.

Кездесу соңында жұмысшылар жастар мәселесін көтеріп, көкейдегі сұрақтарын қойып, ой- пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, Nur Otan-ды қолдайтындарын жеткізіп, сайлауда сәттілік тіледі.

0
0
162

Осы тақырып бойынша

Қалалық сайлауалды штаб мүшелері "КЖСА" МКК еңбек ұжымымен кездесті. - Yvision.kz