Қалалық мәслихаттың кезекті 51-сессиясының отырысы өтті.
Қалалық мәслихаттың кезекті 51-сессиясының отырысы өтті. Сессияға қала әкімі М.Ибағаров, қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары және БАҚ-өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Қоғамдық тәртіптің сақталуы, қылмыстың, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі қалалық полиция басқармасы басшысының есебі туралы;
2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы қалалық кірістер басқармасы басшысының есебі туралы;
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы;
4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 39/458 «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
5. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/419 «Жаңаөзен қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6. «Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
7. Қалалық мәслихаттың 52 - сессиясының төрағасы туралы.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
