Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Ақтас кентінің тұрғындарымен канвассинг өткізді.
Сайлауға санаулы күндер қалды. Сол себепті Саран қаласында сайлауалды жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыс аясында 2021 жылы 8 қаңтарда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Ақтас кентінің тұрғындарымен канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.
Сондай-ақ, тұрғындарды 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.
Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
