Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат «Карагандарезинотехника» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді.

2020 жылы 28 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Құлжанбеков Айдын Құлжанбекұлы «Карагандарезинотехника» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді. Айдын Құлжанбекұлы іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз сөзінде Айдын Құлжанбекұлы «Nur Otan» партиясы қаланы дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл–ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы өзінің алдына әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының артуына ықпал ететін экономика құру міндетін қойып отыр. Өнеркәсіптік сектордың тұрақты жұмыс істеуінің арқасында COVID-19 пандемиясы кезінде қалада экономикалық шығындарға және жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуына жол берілмеді.

Қала экономикасын тұрақты дамыту үшін бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайту және өңдеуші өнеркәсіптің, логистиканың, қызмет көрсету мен сауданың жаңа жобаларын жасау керек»,- деп атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
121

Осы тақырып бойынша

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат «Карагандарезинотехника» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді. - Yvision.kz