Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат «Энергия» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

2021 жылы 5 қаңтарда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы «Энергия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізді.

Нұргүл Сәбитқызы ең алдымен іс-шараға қатысушыларды жаңа жылдарымен құттықтап, отбастарына амандық, еңбектеріне табыс тіледі. Содан соң партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз сөзінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл–ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау екеніне басты назар аударды.

Кездесу соңында кандидат қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

Осы тақырып бойынша

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат «Энергия» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. - Yvision.kz