Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
2021 жылы 5 қаңтарда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Бекембаев Жақсылық Рахманберліұлы ZOOM платформасында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен онлайн-кездесу өткізді. Жақсылық Рахманберліұлы іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.
Өз сөзінде Жақсылық Рахманберліұлы «Партия білім, денсаулық және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін нақты, тәжірибелік жұмысты жалғастырады. COVID-19 індеті денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай қауіп-қатер туғызды. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар жеткілікті.
Ортамерзімдік кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Коронавирустық инфекциямен күрес кезеңінде алынған тәжірибе жұмыста пайдаланылатын болады.
Медицинаны материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңмен шешілетін болады»,- деп атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
