Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер ҚХА және білім беру мекемелер өкілдерімен онлайн кездесуі

«Zoom» платформасында қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміркерлер ҚХА мүшелері және білім беру мекемелерінің өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

Шараның негізгі мақсаты - "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру. Сондай-ақ, онлайн кездесу барысында білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар бұл сайлау науқаны ел үшін қиын кезеңде өтіп жатқанын атап өтті. Әлемге таралған пандемия баршамыздың күнделікті өмірімізге өзгерістер енгізгені анық. Мұндай өзгерістерге "Nur Otan" партиясы да тез бейімделіп, уақыт талабына сай үгіт-насихат жұмыстарын онлайн платформаларда жиі жүргізуде. Бұл өз ретінде сайлаушылармен жұмысты күшейтуге мүмкіндік беріп отыр. Сондай - ақ, кездесуге қатысушылар ел тәуелсіздігінің басты жетістіктері - тұрақтылық, бейбітшілік, халықтың бірлігі екенін атап өтіп, Nur Otan партиясына өз дауыстарын беруге ниетті екендерін жеткізді.

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер ҚХА және білім беру мекемелер өкілдерімен онлайн кездесуі - Yvision.kz