Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың "Отан" бастауыш партия ұйымымен үгіт-насихат кездесуі
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың "Отан" бастауыш партия ұйымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Кездесу барысына Исабаев Бауыржан Абдрашитұлы - «BI – group» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, Ахметов Саламат Қуатұлы – ЖШС «Нұр-Астана-Құрылыс» басшысы, Солсанов Куреш Баширович – ЖШС «АВС Partners» басшысы және Сатмагамбетов Ғабит Хакімұлы – ЖШС «G Park» басшысы қатысты.
Кездесу аясында өзекті мәселенің бірі ретінде Елордамыздағы құрылыс саласының жандануы және көгалдануы туралы сауалдар көтерілді.
