Қаламыздың тазалық мәселесі үлкен мәселе туындатуда. 2021 жылдың басынан Аягөз қаласының көшелерінде, қоғамдық орындарда күл-қоқыс тастау бойынша 219 тәртіп бұзу фактісі тіркелген. Осы уақытқа дейін тәртіп бұзушылар барлығы 1,5 млн. теңге айыппұл төленген. Яғни атап айтсақ, бір тәртіп бұзушы 5 айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл төлеген.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Аягөз ажары оның тазалығына да байланысты. Қаламыздың тазалығы өз қолымызда. Ол үшін тазалық мекемелерімен келісімшартқа отыру арқылы тұрмыстық қалдықтарыңызды тиісті жерге төгілуіне үлесіңізді қоса аласыз. Тазалық табалдырықтан басталады. Көктем уақытында аулаларыңызды ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі.