Қала тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз
Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсесі ерекше және өзекті болып отыр. Қаланың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.
Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Соның нәтижесінде бес жыл ішінде асыл тұқымды мал басының үлесін арттырып, мүйізді ірі қара мал санын 4,3%-ға, қой малының санын 4,5%-ға жеткізу көзделуде.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- сүт бағытындағы 1500 бас ірі қара мал фермасының құрылысына («Туркестан Агро ХХІ» ЖШС, СПК «Сауран», КХ «Туран»);
- Шаға ауылында 600 бас мал бордақылау алаңын ашуға (СПК «Сауран»);
- жылына 20 мың тонна көлемінде құс етін өндіру фермасының құрылысына (СПК «Стандарт ойл»);
- 1000 бас түйе сүтін өндіру және өңдеу цехын («Голден камел групп») іске қосуға;
- кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетеді.
- егін шаруашылық жерлеріне судың жетіспеуіне байланысты басқа су көздерін анықтап (артизан) суару мәселесін шешуге;
- ауылдық жерлердегі су қоймаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге (қаражат бөлу арқылы жөндеуден өткізу, күтіп-ұстау);
Нәтижесінде 2025 жылға дейін еңбек өнімділігі 5%-ға артады.
