Алғыс хатта
Бүгін, «Nur Otan»партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алдамбергенова Жарқынгүл Алдамбергенқызы штаб мүшелерін, белсенді азаматтарды қабылдады. Іс шараға сайлауалды штабының басшысы Телтаев Бағдат Бурханбайұлы қатысып, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті. Алғыс хатта «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесе қол жеткізген бұл жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше. Алдағы уақытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыруда табандылық таныта беретініңізге сенемін. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, амандық, бақ-бере тілеймін!» деп жазылған. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
