Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алғыс айту күні – Қазақстанның барлық этникалық топтары үшін маңызды күн

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен құрылған алғыс айту күні, қазақ шаңырағының астында жаңа отан тауып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің алғыс білдіретін күні. Бұл пікірді «Филия» Қазақстанның Грек Қоғамдары Ассоциациясының төрағасы Павел Теодориди білдірді.

«Бұл күн қазақ халқына осы жерге жер аударылған барлық халықтарының, өз уақытында аман қалуға көмектескені үшін, егде жастағы аға буынымызды құтқарғаны үшін, екінші отан тауып, осында өмір сүруге мүмкіндік бергені үшін алғыс айту мерекесі. Олар Қазақстанның қалыптасуына өздерінің борышын еңбектерімен өтеуге мүмкіндік беру», - деді Павел Федориди.

Спикер бірнеше мысал келтірді, қазақ халқы өздерінің соңғы заттарын берді және күрделі кезеңдерге қарамастан, Қазақстан жеріне ондаған және жүздеген мың көшіп-қонушылардың өмірін сақтап қалды.

«Қазақ халқы туралы, олардың жан-дүниесі мен ой-өрісі туралы көптеген фактілер бар. Мұнда бізді Қазақстанның солтүстігіне жіберді. Бір отбасы маған айтып кеткендей, олар бір қазақ отбасына көшіп келген, олар келген қазақ отбасында да әйелі-күйеуі және және екі баласы тұрды. Ол кезде жағдай болған жоқ. Ауыр уақыт. Тамақ табу қиын болды. Мәселен, бидай жинайтын зауытта жұмыс істеген қазақ кісі кішкентай астықтан өзінің етігіне құйып, үйіне әкелетін. Елестетіп көріңізші, бидайды жалаң аяққа төккен, ал бидайдың бұл кішкене бөлігі бүкіл отбасының аман қалуына көмектесті. Содан кейін, осы астықты диірменде майдалап, екі отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді» - деді баяндамашы.

«Тағы бір оқиға 1949 жылы оңтүстік Қазақстанда болды. Онда да адамдарды қоныс аудартты. Өте ыстық, көптеген адамдар дұрыс тамақтанбаудан зардап шекті, көптеген адамдар ауырып жатты. Және кенеттен екі әже пайда болды, олар екі ай бойы ауданға табиғи сүт әкеліп жүрді және оны тегін таратады. Біршама жағдай жақсарған кезде, балалар күшейгеннен кейін олар жоғалып кетті. Олардың аты-жөндері мен есімдері ешкімнің есінде жоқ. Бұл жергілікті тұрғындардың көшіп-қонушылармен қалай қарым-қатынас жасағанын және тек гректерге ғана емес, сонымен қатар қазақтардың көмегіне жүгінген көптеген басқа ұлттарға да қатысты. Корейлер, Кабардино-Балкарлықтар, олардың барлығы Қазақстанға қоныс аударған», - деді Павел Федориди.

Қорытындылай келе, ол алғыс айту күнін қазақ халқына, Қазақстан жерінде достасып, жаңа Қазақстан құрған барлық этникалық топтарға құрмет белгісі ретінде қарастыру керектігін атап өтті.

«Алғыс айту күні - Қазақстанның барлық этникалық топтары үшін маңызды күн. Бұл күндері қазақстандықтар біздің ата-бабамыздың аман қалуына көмектескен қазақ халқына құрметтерін білдіріп, екінші ғұмыр сыйлағандары үшін алғыстарын білдреді. Ол заманнан бері бірнеше ұрпақ өсіп, білім алды, оардың бәрінде мүмкіндіктер болды және жаңа отан тапты», - деді Павел Федориди.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылдан бастап Алғыс айту күні атап өтіледі. Мереке ҚР Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен құрылды. Сол құжатта 1 наурыз - ресми түрде жылдық мерекес, алғыс айту мерекесі болып бекітілді.

Бұл ойды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білдірді. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 22-ші сессиясында сөйлеген сөзінде 2015 жылдың сәуір айында оның 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында елбасы Республикада алғыс айту күнін атап өтуді ұсынды. Ал 1 наурыз күні - ҚХА құру күні - көптеген ұлттар елге қоныс аударған жылдары «ел халықтарының бір-біріне және қазақтарға төзімділік пен қонақжайлығы үшін алғыс» мерекесі ретінде таңдалады.

0
0
868

Осы тақырып бойынша