Алғыс айту күні
Алғыс айту күніне орай, Сарыжаз БПҰ төрағасы Медет Дюсенбекұлы Азанбаев ауыл тұрғыны, алтын алқалы ана Кейкеева Наталья Михайловнаны 1 наурыз "Алғыс айту" күні мерекесімен құттықтап, алғыс хат табыстап, мерекелік сый-сыйапат жасады.
Наталья апай 1960 жылдан Сарыжаз ауылында тұрып келеді. Марқұм жолдасы Кейкеев Абілжан атамен бірге 10 бала тәрбиелеп, өсірген үлгілі отанасы.
"Мен 50 жылдан бері осы ауылда қазақтармен бірге тұрып келемін. Мені құрметтеп, сый- сыйапат жасаған аудан әкіміне, округ әкіміне алғыс айтамын"- деп жүрекжарды лебізін білдірді.
