«Алға» спорт кешенінде мүгедектігі бар адамдарға назар аудару мәселелері бойынша кездесу өтті.
Бүгін фракция депутаты Б. Нұрбосинов Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында «Алға» спорт кешенінде мүгедектігі бар адамдарға назар аудару мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуде алдымен тағдырындағы қиындықтарға қарамастан салауатты өмір салтын белсенді ұстанып жүрген азаматтардың волейбол ойнының отырып ойнау әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Бұдан соң «Алға» спорт кешенінің директоры Б.Бисенов спорт кешенінің қазіргі жүргізіп жатырған жұмыстарына тоқталып өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін толғандырып жүрген мәселелер аясында өз мәселелрін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін айтып өтті.
