«Акжайык адалдык аланы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері жолдарда
2019 жылды 31 мамырында «Акжайык адалдык аланы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері БҚО көліктік бақылау инспекциясы, «Нұр Отан» БҚОФ, көліктегі прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп «Самара-Шымкент» тас жолында 244-249 км. «Жолда қабылдау» ақциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты жолдарда жүктерді тасымалдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Акция барысында жүргізушілерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар Facebook «Aqjaiyq Adaldyq Alany» парақшасына QR код сілтемесі бар ақпараттық брошюралар таратылды.
