Бүгін «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының активі отырысы өтті. Аудандық филиалдың активіне «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев, аудандық филиал төрағасы Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин, филиал төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Аманғалиұлы Саматов, Саяси кеңес және бюро мүшелері, мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері, жастар, филиал қызметкерлері қатысты.
Актив отырысында облыстық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары - Жол карталарының орындаудағы міндеттер туралы, аудандық сайлауалды бағдарламасы және жол картасында көрсетілген жұмыстары туралы, сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың әр депутаттың қолға алған бір жобалары және басқада тапсырмалардың орындалуы туралы қаралды.
Облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев партияның облыстық деңгейдегі атқарылған жұмыстарына тоқталып, сайлауалды бағдармаласын жүзеге асырудағы жол картасының орындалуы жөніндегі міндеттеріне тоқталды.
Ал аудандық филиал төрағасы Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин ауданның сайлауалды бағдармаласымен таныстырып, Жол картасы аясында 2021-2025 жылдарда атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.
Сонымен қатар филиал төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Аманғалиұлы Саматов праймериз кезінен бері халықтан жиналған аманаттармен жаңадан сайланған VII шақырылымдағы депуттардың жұмыс жоспарларымен және жол картасын орындаудағы берілген тиісті тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндап шықты.
Жиын соңында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары Ермекқалиев Алтынбек, Жардемалиев Серік, Закарин Дархан және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Махсот Шапихұлы өз ұсыныстарын білдірді.