Аккредиттеу қалай қауіпсіз әлемді қамтамасыз ете алады?
Біз әрқайсымыз шындықты өзінің жеке жолымен қабылдайтын көп қырлы, әртүрлі әлемде өмір сүреміз. Сондықтан стандарттар деген ұғым пайда болды. Олар адамдарға сапалы, тиімді, мақсатқа сай және көптеген басқа санаттарға қойылатын жалпы талаптарды басшылыққа алуға көмектеседі. Бұл, әсіресе қазір тауарлардың түрлері көбейіп бара жатқанда өте маңызды. Белгілі бір білімі мен жақсы тәжірибесі бар мамандар осы немесе басқа өнімге арналған нақты стандарттарды әзірлейді. Тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің қабылданған стандарттарға сәйкес келетінін растау үшін, өнімдерді қарауға түрлі кезеңдерден өту керек. Бұл аккредитациялық компаниялар жасайды. Олардың жұмысы қиын, кейде мазасыз, өйткені өндірушілермен көптеген қақтығыстар болып тұрады. Күрделі маман иесіне құрмет көрсету мақсатында Халықаралық аккредиттеу күні - 9 маусымда тойланып, биыл «Аккредитация: Қоғамдық мүдделерді қолдау үшін жаһандық құрал» ұранымен өткізіледі.
Әлемдік деңгейдегі екі ұйым, Халықаралық Аккредитация Форумы (IAF) және Халықаралық зертханалық аккредитациялық ынтымақтастық (ILAC) 2007 жылы осы мереке бойынша қызықты идеясын ұсынды. Сиднейде кездесу өтіп, кездесу барысында осы мамандыққа тартылған барлық адамдар үшін белігілі бір күнді белгілейтін қарар қабылданды. Іс-шара алғаш рет 2008 жылы өткізілді. Бүгінде ол әлемнің көптеген елдерінде тойланады – Қазақстанда қалыспайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Аккредиттеу Орталығы 2000 жылы тамызда құрылды, осы жылдан бастап ҰАО Халықаралық зертханалық аккредиттеу ұйымының (ILAC) аффилиирленген мүшесі болып табылады, 2007 жылы NCA ILAC мүшесі болды. 2008 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен ҰАО аккредиттеу органымен анықталды. 2010 жылы ҰАО ILACMRA қол қойып, ILAC-тың толық мүшесі болды. 2012 жылы ҰАО PAS толық мүшесі және PASMZA келісімшартына қол қойды. 2013 жылы ол IAF-ның толық мүшесі болып, IAFMLA келісімшартына қол қойды.
ҰАО өз қызметін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу туралы» Заңына, ИСО/МЭК ҚР СТ 17011-2006 «Сәйкестікті бағалау бойынша органдарды аккредиттеу және бағалауды жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптар» стандартына, ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сонымен қатар аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Аккредитацияның артықшылықтары:
Бизнес үшін
Аккредиттеу шешімдерді қабылдау және тәуекелдерді басқару үшін маңызды құрал болып табылады. Ұйымдар аккредиттелген және сәйкесінше құзыретті қызметтерді жеткізушіні таңдау арқылы уақытын әрі қаржысын үнемдей алады. Аккредиттеу субъектілерімен халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес орындалған дәл өлшемдер мен сынақтар ақаулы өнімді алу мүмкіндігін төмендетеді. Аккредиттеу халықаралық келісімдер жүйесінің көмегімен өнімді шетелге шығарған кезде бизнестің шығындарын басқа мемлекетте қайта сынақтарды жүргізу қажеттілігін азайту немесе жою есебінен азайтады. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау қызметтерін пайдалануы өзі өндіретін өнімнің (қызметтің) сапасын және соған сәйкес бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге септігін тигізеді.
Тұтынушылар үшін:
Аккредиттеу тұтынушыларды өнім, қызмет және өлшемдердің дәлдігі сәйкестігін растау бойынша қызметтердің сәйкес сапасына кепіл береді.
Аккредиттелген ұйымдар үшін
Аккредиттеу ұйымның белгілі бір салада сәйкестікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға құзыреттілігінің дәлелі болып табылады. Аккредиттеу сәйкестікті бағалау нәтижелеріне заңды күш береді, себебі ол заңнамалық негізде жүзеге асырылады. Аккредиттелген органдар халықаралық келісімдер арқылы өз деректерінің шетелде қолданылуын жеңілдететін мойындаудың халықаралық нысанына ие болады. Аккредиттеу үдерісі дұрыс басқарудың құралы болып табылатын тәртіпті орнатады. Сонымен қатар аккредиттеу нарықта сенімді беделге ие болып, оны тұрақты негізде қолдауды көздейтін көптеген жасырын шығындарды жояды.
Дүниежүзілік Аккредиттеу күні 2018 аккредиттеудің қауіпсіз әлемді, сондай-ақ кәсіпорындарды, үкімет пен реттеушілерді, осы мақсаттарға жетуге көмектесу үшін стандарттарды, сәйкестікті бағалауды және аккредитациялау құралдарын табуға мүмкіндік беретін зерттеу мүмкіндігін ұсынады.
Қауіпсіз жұмыс орындарын, қауіпсіз өнімдерді, қауіпсіз тасымалдауды, қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету бойынша шаралар, шын мәнінде, біздің өміріміздің барлық аспектілері жалпыға танымал.
Статистика, күту шындыққа сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Бұл алшақты азайту - жұмыс орындарында, күнделікті өмірде, саяхаттау кезінде және өмірдің басқа салаларында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысатын үкімет, реттеуші органдар мен бизнес үшін өмірлік маңызды жағдай.
Біздің облыста 2018 жылдың 01 маусымына алғанда осы бағытта жұмыс істейтін 63 аккредиттелген сынақ зертханалар, сынақ орталығы, сәйкестікті растаушы органдар, калибрлеу зертханалар және тексеру зертханалары бар.
Халықаралық аккредиттеу күні біз аккредиттеуден өтуге және сәйкестікті растау туралы құжаттарды беруге байланысты барлық ұйымдарды құттықтаймыз.
Сізге кәсіби деңгейіңізде табыс және жоғары нәтижелерге қол жетулеріңізді тілейміз.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – Абилев Бейбіт Айтанұлы
