ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Акция өтті

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаевтың басшылығымен аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары С.Сабирова, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ибрагимова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, аудандық маслихат депутаты Д.Динашова, №8 МӘС бөлімінің басшысы М.Жүнісовтердің қатысуымен «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» Республикалық акциясы өтті.

Акция барысында ауданымыздың 8 азаматы өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келген 3 азаматқа демеушілер есебінен электр жетегі бар арба тарту етілді.

Өз денсаулығы және әлеуметтік тұрмыс жағдайын айта келген Жарты төбе ауылдық округінің тұрғынын аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары С.Сабирова толық дәрігерлік тексеруден өткізіп, диагнозына қарай мүгедектік топқа шығуына ықпал жасайтын болды.

Дербісек ауылдық округінің тұрғыны өзінің жолдасы І топтағы мүгедек күйеуіне қараушысы ретінде қаржылай жәрдемақы ажыратуды сұрады Азаматшаға №8 МӘС бөлімінің басшысы М.Жүнісов заң бойынша туылғанынан мүгедектігі болмаған азаматтарға қараушы тағайындалмайтындығын жеткізді. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев мүгедек кісілерге қараушы тағайындау бойынша ҚР заңдарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасалатындығын жеткізді

Кейінен кезек алып келген 3 аудан тұрғындарының денсаулығы жайлы мәселелері тыңдалып, дәрігер С.Сабирова өз бақылауына алып, оң шешім шығару үшін жұмыс жасайтындығын айтты.