Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Академия тыңдаушыларына кезекті дәріс оқылды

2020 жылдың 9 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы тыңдаушыларына дәріс оқылды.

Дәріс барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жүргізу тәртіптері түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, қоғам өкілдерін іс-шараларға қатыстыру мәселелері түсіндіріліп, тыңдаушылар тарапынан қойлыған сұрақтарға жауап берілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
288

Осы тақырып бойынша

Академия тыңдаушыларына кезекті дәріс оқылды - Yvision.kz