Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Академия тыңдаушыларына кезекті дәріс оқылды

2020 жылдың 3 маусымында «Antikor ortalygy» сервистік орталығында ZOOM қосымшасы арқылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы тыңдаушыларына дәріс оқылды.

Дәріс тыңдаушылары – облыстық басқармалар, Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Теректі аудандары мен Орал қаласы жергілікті атқарушы органдарының және Жәнібек ауданы мәслихатының мемлекеттік қызметшілері.

Дәріс барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жүргізу тәртіптері түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, қоғам өкілдерін іс-шараларға қатыстыру мәселелері түсіндіріліп, тыңдаушылар тарапынан қойлыған сұрақтарға жауап берілді.

1
0
268

Осы тақырып бойынша

Академия тыңдаушыларына кезекті дәріс оқылды - Yvision.kz