Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ахмет Байтұрсыновтың Қазақтың өкпесі мақаласының айшықты мәні.

Ахмет Байтұрсынұлы, «Қазақ өкпесі» атты мақаласымен білім беру саласына қосқан сүбелі үлесі, сара жолы болды. Сол кезеңдегі қазақ оқығандарының жанашырлық, ұлттық санасын ояту жолындағы шығармашылық, азаматтық еңбегі қазақ тарихында ұлттың кемелденуіне қосқан елеулі үлес ретінде мәңгі сақталары анық. Қазақ даласындағы сол кезеңдегі тарихи жағдайда бұл үлкен теңізге құйылған тамшыдай ғана өзгерістер еді. Қаражаттың жетіспеушілігі, оқу құралдары мен оқулықтың жетімсіздігі, халықтың тұрмыс жағдайының төмендігі сауатсыздықты жоюда үлкен қиындық тудырғаны баршаға мәлім. Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы осы мәселеге көрегендікпен қарсы пікір айтқанымен, билік тарапынан оның білгірлік ойы елеусіз қалды. 1930 жылдардағы зұлмат ашаршылық халықтың енді ғана көтеріліп келе жатқан еңсесін езіп, білімге деген талпынысына үлкен тосқауыл болды. Дегенмен қандай зұлмат, қитұрқы саяси ахуалды басынан кешірсе де халық сауаттылығы ақырындап болсын, аталмыш мақаланың әсерінен өркен жая түсті. Ахмет Байтұрсынов қазақтың езілген, адасқан, тығырыққа кез келген хәлін барынша дәл көрсетті.

Жалпы  сонау заманнан қазағымыздың қазынасы, сонымен қатар әлі күнге дейін ұласып жатқан жер дауының және сол даудың шығуы, сол кезде қозғалған өзекті мәселе халық ойы мен өкпе-назын өз ойымен ұштастыра отырып жазылған бұл мақала талай жанға ой салып, қараңғылық жолынан алып шығар жарық сәуле болғандығы анық. Негізгі  мақсат, сол кездегі барлық шешімі табылмаған, шиеленіскен, әдебиет, қоғам, жер мәселелерінің түйіткілдерін  зерттеп, зерделей отыра халық санасына жол бастардай шешім табу болған еді.

Осы мәселелердің сол жылдарда белең алған тұсы еді.  Сайлау жүйесі орнығып, жерге, дінге, патша үкіметінің саясатының салдарынан халық ішінде тұрмыс жағдайы төмендеп, сауатсыздықты жою үшін атқарылатын іс-шаралардың тұншықтырылғаны мәлім. Сол кезбен тұспа-тұс келген зұлмат ашаршылық, теңіздей көтерілген халық еңсесін тамшыға айналдырғанын да атап айтпасқа болмас. Ел ішінде болған, сол кездегі қиыншылықтан шығудың жолы, өз ойымен, бойындағы надандық, жалқаулық атты адам баласын ез қылатын қасиеттермен күресіп, алға деген нақты мақсат қойып, халық қазынамызға айналған жерімізді дұрыс пайдаланып, ел ішіндегі белеңсіздіктің алдын алу болған еді. Халықтың тұрмыс жағдайының мәз емес екендігін, ал бұл мәселенің сауатсыздықты жою жолында үлкен кедергі болатындығы жайында өз сүбелі де, сарапты пікірін білдірген Ахмет Байтұрсынұлының бұл ойы сол сәтте елеусіз қалған еді. Сонымен , бұл мақаласы халық назарын өзіне аудартпай қоймады, ақырындап болсын халықтың көзі ашылуына, сауаттылыққа бет бұруына басты себеп болды. Қозғалған тағы бір мәселе, халықтың жаңа заманға сай орныға алмағандығында болды, бұл жағдайларда кінә халықтың өзінде деп санады.  Халыққа заманға сай бетбұрыс, жаңа серпін, қараңғылықта уланған сананы артқа тастау қажет болды. Ал, бұның шешімі: ғылым, білім, өнер, ізденіс еді.

Қорытынды: Ахмет Байтұрсынов: «… газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек… Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы «Қазақ өкпесі» атты мақаласының қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын айшықты мәнін барынша айқындап берді.

Аман Назерке Мұхтарқызы

0
0
394

Осы тақырып бойынша

Ахмет Байтұрсыновтың Қазақтың өкпесі мақаласының айшықты мәні. - Yvision.kz