Агро индустрияны дамыту мәселесі талқыланды
Абай аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінің қатысуымен онлайн кездесуі өтті. ZOOM платформасында болған басқосуда Агро индустрияны дамыту мәселесі талқыланды. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері өз саласында қордаланған мәселердің бірқатарымен бөлісті. Олардың айтуынша: «Ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы бойынша аграрлық өндірістің табиғи факторларға байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ». Сонымен қатар ауыл шаруашылығының экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіптер көптеп қажет. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі де көтерілді.
Айта кетейік, Абай ауданы бойынша жалпы ауылшаруашылығы жер көлемі 26 334 га болса, оның ішінде 15811 га жайылым жер, 2815 га егістікке арналған жер.
