Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Агитациялық кездесулердің бірі "Ютария" тігін фабрикасы ұжымымен болып өтті

Баршаға белгілі 2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттарының сайлауы жарияланған болатын. Сол агитациялық кездесулердің бірі "Ютария" тігін фабрикасы ұжымымен болып өтті.

Бұл еліміздегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі, көп жылдан бері өнеркәсіп арнайы киім, мектеп формасы, дизайнерлік заттар, тіпті төсек-орын тігумен айналысады.

Кездесуге Исабаев Бауыржан Абдрашитұлы - «BI – group» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, Джунусов Алмат Асқарұлы – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры, Адамбеков Тілектес Серікбайұлы – «EurasiaBlockFintechGroupLimited» бас директоры, Сартбаев Бауржан Мейрамбекұлы – «KazakhInvest» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының төрағасы, және де Камалиев Берік Сайлауұлы – ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі қатысты.

Кездесу аясында мекеменің 50-ге жуық қызметкерлері қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

0
0
104

Осы тақырып бойынша

Агитациялық кездесулердің бірі "Ютария" тігін фабрикасы ұжымымен болып өтті - Yvision.kz