Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Агитациялық кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Снежана Имашева облыс тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер талқылады.

ZOOM платформасында өткен кездесу барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер қатарында жолдың күрделі жөндеу көрмеуі, ауыз су да шешімін тапса деген ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар елді-мекендерге жоғары жылдамдықтағы интернет желісі керек екендігі де қозғалды.

Халықтың үніне құлақ түрген мәжіліс депутаты «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытында өңірімізде алдағы бес жылда 801 шақырым жолдың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту, 120 ауылда сумен жабдықтау нысандарының құрылысын жүргізу, 80 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделгендігін айтты.

0
0
184

Осы тақырып бойынша

Агитациялық кездесу өтті - Yvision.kz