Агенттіктің Әдеп жөніндегі өкілі Батыс Қазақстан облысына іссапармен келді
2018 жылдың 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі З.С.Байгаскинаның қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлеріменӘдеп кодексінің нормаларын талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында З.С.Байгаскина қатысушыларға Әдеп жөніндегі уәкілдің мақсаттары мен міндеттері туралы атап өтті, оған қоса өзінің құзіреті шегінде консультациялық кеңестер беріп, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берді.
Сонымен қатар, З.С.Байгаскинаның қатысуымен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерімен «Рухани жаңғыру» БҚО бойынша фронт-офисінде кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде әдеп нормаларын бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және мемлекеттік органдардағы ұжым арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
