ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық бастамашылықтардың І Конгресі өткізілді

2017 жылдың 15 наурызда VII Азаматтық форумның негізгі ережелерін жүзеге асыруда ағымдағы жылдың 15-наурызы күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық бастамашылықтардың І Конгресі өткізілді.

Көрсетілген іс-шараны өткізуге мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының белсенді жақтастары – Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы бастамашы болды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі аталған бастамаға және іс-шараны ұйымдастыруға қолдау білдірді.

Конгрестің жұмысына Праламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, азаматтық, кәсіподақ, этномәдени бірлестіктердің және басқа да азаматтық қоғамдастық институттарының өкілдері қатысты.

Іс-шара шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыруға тарту мәселелері кеңінен талқыланды.

Аймақтар аталған шараға бейнебайланыс арқылы қатысты. Батыс Қазақстан облысында Департамент, облыс әкімдігі, Ассамблея хатшылығының басшылары, этномәдени ұйымдардың көшбасшылары және облыстық мәслихаттың депутаттары қатысты.