Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Агенттік жұмысының негізі бағыты ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету болып табылады

Өңіріміздің 12 ауданында, Орал қаласында және Зашаған кентінде «Ашық әкімдік» сервистік орталықтары ашылды.

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасында» облыс бойынша 1013 мемлекеттік мекеме 685 млрд. теңгені құрайтын бюджеттерін жариялады.

«Сатып алудың біріңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алудың мониторингі нәтижелері бойынша сатып алу жоспарларында бағаны өсіріп көрсету фактілері бойынша енгізілген ұсыныстар негізінде 827,4 млн.теңге үнемделді, 691,8 млн.теңге бюджетке қайтарылды.

Есептік кезеңде жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында Департаментпен 13 мемлекеттік органдар қызметтеріне жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, 93 жемқорлық тәуекелі анықталды. Қорытындысы бойынша берілген ұсыныстардың 100%-ы орындалды.

Сонымен қатар, 17 жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг жүргізіліп, қорытындысымен берілген 61ұсыныс толықтай орындалды.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

1
0
212

Осы тақырып бойынша

Агенттік жұмысының негізі бағыты ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету болып табылады - Yvision.kz