АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Н. А. ШАБДАР ЕЛДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК ХҚКО-ның БІРІНЕ БАРДЫ.
2019 жылдың 20 желтоқсанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Н. А. Шабдар Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында ол "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандандырылған ХҚКО бөлімінің жұмысымен танысты.
Арнайы ХҚКО директоры Р. Х. Кусаинова атап өткендей, күн сайын консультацияларды есепке алмағанда орта есеппен 400-450 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, айына 8000-ға жуық, (1000-1500 адамға дейін келеді), регламент бойынша мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 1,5-2 сағатқа созылуы тиіс, ал іс жүзінде қызмет көрсетушінің өтінімдерін орындау және дайын паспорттар мен жүргізуші куәліктерін беру 40 мин немесе 1 сағатты көрсетіледі.
Ғимаратта көлік салығы, көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж, айыппұл және басқа да төлемдер төленеді, сондай - ақ жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық қорытынды алу үшін қажетті нарколог-психиатр және медициналық комиссия жұмыс істейді.
Бұдан басқа, азаматтардың қолайлылығы және мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Н. Манкеев атап өткендей, бұл нысан еліміздегі ең үздік нысан болып танылды.
