Қадірменді Қазақстан халқы! Сіздерді мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев егемен ел атанған Қазақстанның аяққа тұруына, экономикасын қалыптастыруға және оны бір жолға қоюға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ең бастысы ашық аспан, бейбітшілікте өмір сүруімізге жағдай жасады. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.
