Қадірлі ағайын!
Қазақстан да бұл ауыр сынақты ел бірлігінің арқасында еңсеріп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Birgemiz» қоры құрылып, республика көлемінде «Біз біргеміз» акциясы өтті. Елге көмек берілді.
ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жариялап, елді дағдарыстан алып шығу жолында нақты жоспар ұсына білді. Пандемияға байланысты табысынан айырылған азаматтарға қолдау көрсетілді.
Бұл ретте жетекші «Nur Otan» партиясы пандемияға қарсы нақты жұмыстар атқарды. Оны қоғам біледі.
Түркістан облысын өркендету, Түркістан қаласын түлету бағытында ілкімді істер атқарылып жатыр. Мұның бәрі – ел болашағы үшін жасалған қадамдар.
Құрметті түркістандықтар!
Біз болашақтан жақсылық, ізгілік күтетін халықпыз. Табалдырықтан аттаған Сиыр жылы елімізге берекесімен, тыныштығымен, шаттығымен келсін. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Мереке құтты болсын!
Бейсен Тәжібаев,
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары
