Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Адаспайық бауырлар!

Ең дұрыс дін ол мұсылман діні. Мазхабымыз - Абу Ханифа.Құран кәрімді түсінгісі келгендер. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Жамағатта (бірлікте) мейірім, бөлінуде илаһи азап бар» деген. Өйткені мұсылман діні тура жолды, бағытты сілтеуші. Бірақ мен қазіргі таңда көше кезіп жүрген хиджаб киіп алып жүрген апа сіңлілерімді жиі көремін. Білесіздер ме ? Бірақ мен хиджабқа қарсымын! Өйткені арабтардың хиджбаын оранып, паранжасымен көздерін жауып алып жүретін апа сіңлілеріміз жетерлік! Мен мүлдем қарсымын! Өйткені хиджаб ол арабтардың киімі. Біздің әже апаларымыз кезінде орамал тағып, кимешек киген! Дінді насихаттап отырғаным емес, өзімде намаз оқимын! Бірақ менің ойымша хиджаб кию парыз емес! Ең бастысы ұятты жерлері жабулы жүрсе болды емес пе? Оны неге керек тұмшаланып алу. Арабтар әйелдерін қатты қызғанғандықтан әйелдерін жауып, жасырып жүретіні. Ал біз араб емеспіз! Біз қазақпыз! Осыны түсінетін сәтте жетті емес пе? Ниетіміз дұрыс болып, басымыз сәждеге тиіп, тура жолда жүру ол әр мұсылманның міндеті, әрі парызы. Мен киме деп отырғаным жоқ! Мейлі, кие беріңізде! Ешкіммен санасқым да, сөз таластырғым да келмейді! Ең бастысы Алланың бізге деген көзі түзі болса, шын ниетімізбен Аллаға сеніп, құлшылық етсек те осының бәрі ниет! Ниет ол жан тазалығы.Ниет – ол әрбір істің, ғибадаттың рухы. Ниетіне қарай бір іс үшін адам баласы не сауапқа кенеледі, не күнәға батады. Ниет түзу болса, амал да , Алланың бізге деген көзі де түзу болады. Осыны ұғайық! Адаспайық, жолымыз тура болсын мұсылман ағайын!

2
0
1096

Осы тақырып бойынша

Адаспайық бауырлар! - Yvision.kz