Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адалдық сағаты» өтті

2020 жылдың 15 қазан күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыстық Мамандандырылған күзет қызметі және Ауыл шаруашылығы басқармаларының ұжымдарымен жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған.

Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясының қазан айындағы тақырыбы «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» деп анықталды.

Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.

Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы етті. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады.

Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген.

Шара барысында арнайы бейне-дәрістер көрсетіліп, қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
293

Осы тақырып бойынша

«Адалдық сағаты» өтті - Yvision.kz