«Адалдық дүкені» жобасын мекемелер қолдауда
Агенттіктің бастамасымен облыстың мемлекеттік органдарында «Адалдық дүкендері» ашылуда. Жобаның мақсаты – қоғамда ақырындап сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарға өздерін адал ретінде сезінулеріне мүмкіндік беру. Қазіргі таңда облыстың 4 жоғары оқу орындарында және 35 колледжерде «Адалдық дүкендері» ашылса, бүгінгі күні орта мектептерде де ашылды. Сонымен қатар, Адалдық дүкендері облыстың мемлекеттік мекемелерінде де ашылуда.
