Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал жол» жобалық кеңсесі

2019 жылғы 28 ақпан мен 01 наурыз аралығында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Адалжол" жобалық кеңсесінің аясында БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен, БҚО бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен, "Ақжайық-адалдық аланы" жобалық кеңсесінің мүшелерімен бірге ГП Орал бөлімшесі бойынша жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыстар саласында рейдтік іс-шаралар өткізді.

ГП Орал бөлімшесі бойынша жүк тасымалдарын ұйымдастыруАСУ ДКР автоматтандырылған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

АСУ ДКР жүйесінің негізгі мақсаты КТЖ ның барлық деңгейлерінде жүктерді тасымалдау және коммерциялық жұмыс процестеріндегі клиенттермен жұмыс істеудің іскерлік процестерін кешенді автоматтандыру, ақпараттық қолдау, жүк тасымалдауды ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру кезінде әртүрлі бөлімшелері арасындағы өзара әрекеттесудің кешенді жүйесін жеңілдету болып табылады.

2017 жылдың желтоқсанында Орал стансасында "сервистік қызмет көрсету орталығы" ашылды, онда Орал стансасының тауар кассирлері, қабылдап-тапсырушылар,өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлар, "ҚТТ" АҚ вагондарының меншік иесі, мемлекеттік кірістер органдарының мамандары орналастырылды. Жүк жөнелтушілер мен жүкалушылар үшін тасымалдау құжаттарын ресімдеуді тездету және ыңғайлы болу үшін АСУ ДКР жүйесіне тәулік бойы қатынайтын жұмыс орны автоматтандырылған.

Рейдтік іс-шаралар аясында арнайы мониторингтік топ мүшелері Орал стансасында сервистік қызмет көрсету орталығын бейнебақылау камераларымен жабдықтаубойынша ұсынысберді.

0
0
394

Осы тақырып бойынша