«АДАЛ ЖОЛ-ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Теректі ауданының ауылдық округтерінде
2018 жылдың 09-26 қазан аралығында «АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Теректі ауданының Ақжайық, Ақсоғым, Ақсуат, Аңқаты, Богдановка, Долин, Новопаловка, Подстепное, Покатиловка, Приречное, Ұзынкөл, Федоровка, Шаған, Шағатай және Шалқар ауылдық округтеріне табысталды.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері жасақталып, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, спорттық шаралар мен мерекелік концерттер және флэшмобтар ұйымдастырылды.
Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.
