«АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Сырым ауданында
2018 жылдың 02 – 17 тамыз аралығында «АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Сырым ауданында болды.
Өткізілген шаралар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері жасақталып, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, спорттық шаралар мен мерекелік концерттер және флэшмобтар ұйымдастырылды.
Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.
