Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал жол – Честный путь» марафонының эстафетасы Теректі ауданынан Орал қаласына тапсырылды

2018 жылдың 28 қарашада Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Теректі ауданынан Орал қаласына салтанатты түрде тапсырылды.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов, Орал қаласының әкімі М.Мұқаев, Теректі ауданының әкімі Ә.Жоламанов, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатынасты.

Марафонның мақсаты – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Шараның басында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дегі «Студенттерге қызмет көрсету орталығының» жұмысымен таныстырылды.

Шара барысында Департамент басшысы Болат Исақов Агенттіктің бастамасымен елімізде бастау алған «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының маңыздылығына тоқталып, спорттық шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов марафонның факелі болып саналатын арнайы кітапты Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевқа тапсырды.

Шара жоғарғы және арнаулы оқу орындары оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы Батыс аймақтық ашық турнирімен жалғасын тапты.

1
0
393

Осы тақырып бойынша

«Адал жол – Честный путь» марафонының эстафетасы Теректі ауданынан Орал қаласына тапсырылды - Yvision.kz