Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» марафоны Казталов ауданының ауылдық округтерінде

2018 жылдың 11 шілде – 01 тамыз аралығында «АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Казталов ауданының Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл, Бірік, Бостандық, Көктерек, Қарасу, Жалпақтал, Жаңажол, Қараөзен, Талдыапан, Ақпәтер, Қайынды, Болашақ және Талдықұдық ауылдық округтеріне табысталды.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері жасақталып, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, спорттық шаралар мен мерекелік концерттер және флэшмобтар, велошерулер ұйымдастырылды.

Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.

1
0
397

Осы тақырып бойынша